jasqazaq.kz

Полиция 14 жасар қызды күйеуге сатпақ болған ата-анасына қайтарып берді

13 желтоқсан 2021, 18:59

Қытай полициясы 14 жастағы қыздың тұрмысқа шығуына кедергі келтірді. Олар Чжуннин уезінің, Нинся-Хуэй автономды ауданында өтіп жатқан тойды тоқтатты. Жасөспірім қыз той кезінде полиция шақырып, еркінен тыс тұрмысқа шығып жатқанын хабарлаған. Ата-анасы қызды бейтаныс жанға 40 мың доллар қалың малға сатты деп күдіктеліп отыр.

Бұл ақшаға алтын бұйымдар алып үлгерген қыздың ата-анасы оларды қарсы тарапқа берді. Ал қыз әке-шешесіне қайтарылды. Полиция олардың тегін жасырын қалдырды. Ал болған оқиға жайлы жергілікті әділет министрлігі әлеуметтік желіде хабарлады.

WeChat платформасында жарияланған постта, полицияның жедел әрекет еткені атап өтілген. Алайда желіде жағымсыз жазбалардан кейін, пост өшірілген.
Айта кетейік, Қытай заңы бойынша кәмілеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарына оларды үйлендіруге тыйым салынған. Қытайда ер азаматтарға 22 жастан, ал қыздарға 20 жастан бастап отау құруға болады. Алайда бұл заңды бұзғандарға ешқандай жаза қарастырылмаған.

Ауылды жерлерде балаларды ерте жастан үйлендіру үрдісі әлі күнге дейін сақталған. оған қарамастан, аталған оқиға қалалықтарды шошытты. Олар қыздың ата-анасын жазалауды сұраған.

Ауылдық жерде тұратын көптеген ата-аналар ерте жастан некелесуді қолдайды. Бұл, әсіресе, гендерлік теңсіздіктің кесірінен қалыңдық таппай қиналатын жігіттер қауымы үшін өзекті. Проблеманы бір бала саясаты мен селективті аборттар күшейте түсті. Қытай билігі келтірген дерекке сүйенсек, Қытайда ерлердің саны әйелдерден 35 миллионға артық.

stan.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр