jasqazaq.kz

Полицейлермен жаға жыртысып, жерге аунатты

07 ақпан 2020, 20:56

Жамбыл облысында жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен жаға жыртысты. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу тақыланып жатыр. Онда бір топ адам туысын полицейлерге бермеу үшін жанталасқан. Тіпті құзырлы орын өкілдеріне қол жұмсауға дейін барған. Көпті шулатқан азамат қандай заң бұзушылық жасады? Полицейлер оны алып кетуге неге дәрменсіздік танытты?Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл көрініс бүгін түс ауа әлеуметтік желіге тарады. Кадрда ырду-дырду, жаға жыртысу. Түсінгеніміз, тәртіп сақшылары әлдебір азаматты көлікке мінгізе алмай, әуреге түсіп жатыр. Ал оны жақындары жібермей, барынша қоғаштап жүр. Тіпті ол үшін құзырлы орын өкіліне қол жұмсауға бар.

«Тапаншаңды шығар, мен атамын» деген азаматтан осылайша тәртіп сақшысы таяқ жеп тынды. Бір емес, бірнеше мәрте соққы алды. Мұнан кейін де жағдай басылмады. Полицейлер үсті-үстіне келіп жатса да, қарсылық көрсеткендер сабасына түспеді. Керісінше, өрши түсті. Арқаланған азаматтар алдынан шыққанды аяған жоқ. Олар заң өкілдерінің жағасына жабысып, киімін жыртып, жерге әбден аунатты.

Полицейлер ұстауға тиіс азаматты көлікке салып әкетті ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Құзырлы орын өкілдерінен осы жағдайға қатысты мағлұмат алу мүмкін болмады. Ал бейресми мәліметке сүйенсек, оқиға Қордай ауданында болған. Бірақ қос тараптың неге қақтығысқаны сол күйі белгісіз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия