jasqazaq.kz

Полицейлері өзін өлтірмек болған жас қызды құтқарды

25 сәуiр 2019, 13:06

Шымкенттегі мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері өзін өлтірмек болған жас қызды құтқарып қалды. Бойжеткен өмірімен қоштасу үшін жардан суға секірмек болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Түркістан облысының Шардара ауданында болған. «Күндізгі сағат 15:50 шамасында кезекші бөлімге жергілікті тұрғындар хабарласып, жас қыздың жардан секіргелі жатқанын айтқан. Осы кезде Шардара қаласына іссапармен келген Шымкент қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Кеңес Ерімбетов пен әріптесі Әбдірашит Сержан Шардара су қоймасынан 500 метр қашықтықта ағып бара жатқан адамды көріп қалған. Осы жағдайды көрген полицейлер дереу суға секіріп, қызды құтқарған» делінген хабарламада.

Адам өмірін құтқарып қалған тәртіп сақшылары орнымызда кім болса да, осылай істейтін еді дейді. «Екеуміз жардың жанынан айналып суға түсіп, қызға құтқару киімін кигіздік. Оны судың таяз жеріне алып шықтым. Сол кезде бекеттегі полиция қызметкерлері медицина қызметкерлері мен жергілікті полицияны, төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырып қойған екен. Олар уақытылы келіп, алғашқы көмек көрсетті», — дейді полиция капитаны Кеңес Ерімбетов. Полицейлер жас қызға медициналық және психологиялық көмек көрсеткен. Кейіннен жас қыздың Шардара ауданының тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 105-бабымен іс қозғалып, алдын ала тергеу тізіліміне тіркелген. Қазір бойжеткеннің не үшін мұндай әрекетке барғаны тексеріліп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда