jasqazaq.kz

Полицейлердің құттықтауына қатысты тексеріс басталды (видео)

02 қантар 2019, 14:53

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғам талқысына түскен полиция қызметкерінің жаңажылдық құттықтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде полиция киіміндегі қызметкердің құттықтауы тараған. https://www.instagram.com/p/BsGjmXvi_b0/ Ол өзінің құттықтау сөзінде қылмыс әлемінің адамдары жиі пайдаланатын сөздерді айтқаны үшін жұртшылықтың сынына ұшырады. Сөз арасында «біздің братва, біз бандамыз» деген теңеулер кездеседі. Осыған байланысты ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев түсінік берді. «Ведомстволық оқу орнының лауазымды қызметкері байқалған видео зерттелді. Ол өзінің әріптестеріне құттықтауын жолдаған. Бейнежазбаны 2018 жылғы 31 желтоқсанда ІІМ Қарағанды академиясында бірінші курс басшысының орынбасары түсірген», — деп жазды А. Садубаев Фейсбуктегі парақшасында. Оның сөзіне қарағанда, осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда аталған қызметкер мен оның басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ қызметінен босату шарасы қабылдануы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде