jasqazaq.kz

Полицейлерден қысым көрген тараздық тұрғын өзін-өзі өртеп жіберген (видео)

04 ақпан 2021, 14:10

Тараз қаласының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді. Ал оның туыстары полицейлерді кінәлап, мал ұрлығын кінәсіз адамның мойнына іле салуға тырысқан дейді.

«Ұрып-соғып, қылқындырып ауа жұтқызбай қинады. Бір-екі күннен кейін болса да, мойныма іліп жіберетінін, бірдеңе салып жіберетін сездім де, күйіп кеткеннен кейін өзімді жағып жібердім», – дейді Досжан Жарылқасын.

Almaty.tv арнасы осы оқиға бойынша арнайы репортаж түсірген. Оған сәйкес, 28 жастағы Досжан Жарылқасынның осыдан бір апта бұрын қалалық ауруханаға түскені туралы айтылған. Оның сөзінше Тараз қаласының маңындағы Шалғай Қарасу алқабында 5 бас мал ұрланған. Артынан жергілікті полицейлер Досжанды алып кетіп, «мойныңа ал» деп қинаған.

«Шықсам, ағама жүр деп жатыр екеуі. Ағам айтып жатыр: «бармаймын, кеше де ұрып соқтыңдар» деп. Одан қалды біздің көзімізше соттатып жіберем деп қорқытты», – дейді Досжанның інісі Жасұлан Жақып.

Досжанның көршісі де бәрін көрген. Ринат Тәжімовтың сөзіне қарағанда, полицейлер Досжан Жарылқасынды қорқытқан.

«Шығып қарасам олар тұр екен. Қорқытып жатыр. «Сені отырғызатын болсақ, былай да отырғызамыз, мойында» деп. Қысқан ғой баланы әбден. Ашуға бой алдырған ол оттықты алып, өзін-өзі өртеп жіберді», – деді Тәжімов.
Досжан ауруханаға түскенде денесінің 12 пайызын күйік шалған. Содан бері жасалған ем-домның арқасында жағдайы жақсарған. Қазіргі кезде ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Ал полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті болған азамат бірнеше рет істі болған. Екі рет мал, 4 рет қалта ұрлығы бойынша ұсталған екен.

Дегенмен, Досжанға қысым көрсетті деген полицейлер жауапкершіліктен босатылмайды. Қазір оларға қатысты тексеріс басталды.

«Жамбыл облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес басқармасымен Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігімен полиция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Азаматтың өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

https://youtu.be/ohVLxA2mcLM

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді