
Жаңаөзенде азық-түлік сататын дүкеннің кассасынан белгісіз біреулер 400 мың теңге ұрлап кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды «Лада».
17 мамырда 08:30 шамасында Жаңаөзендегі полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, арыз берген. Оның айтуынша, бетперде киген белгісіз біреулер дүкен кассасынан 400 мың теңге алып кеткен. «Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бір күдіктіні анықтап ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Жаңаөзен полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді, — деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. Құқық бұзушылық дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Еске салайық, осыған дейін Желіде Жаңаөзенде болған дүкен тонау қылмысы түсірілген видео жарияланған еді.