jasqazaq.kz

Полицейлер ұялы телефон ұрлаушылардың қулығы туралы айтты

14 тамыз 2018, 14:49

Қалалық ІІД-нің ұйымдастыруымен ірі сауда орталықтарында ауқымды тексеріс шаралары басталды. Тәртіп сақшылары арнайы қосымша көмегімен орталықтарда саудаға қойылған ұялы телефондардың ұрланған-ұарланбағанын анықтауда.
NUR.KZ. жазғандай, тексерістің алғашқы толқыны Алматыдағы «Студент» ұялы телефондар орталығынан бастау алды. Ішіне 350-ден аса сауда нүктесін біріктірген орталыққа арнайы тексеріспен 70 жедел топ жөнелтілген.
Басты мақсат — орталықтағы ұялы телефондардың ұрланған-ұрланбағанын анықтау. Тәртіп сақшылары арнайы қосымшаға әрбір телефонның кодын енгізіп, оның ұрланған телефондар базасында бар-жоғын тексереді. Әзірге мұндай жағдай «Студент» орталығынан анықталған жоқ.

Егерде, сатылымдағы ұялы телефондар ұрланғандар арасынан бой көрсетсе, сауда нүктелерінің басы бәлеге қалары сөзсіз. Департамент өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта мұндай тексерістер қаланың он шақты сауда орталықтарында орын алмақ. Оған қоса, олар ұялы телефондар ұрлығы салыстырмалы түрде Әуезов және Бостандық аудандарында көбірек болып тұратынын мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық