jasqazaq.kz

Полицейлер түтінге оранған үйден үш баланы алып шықты

11 қантар 2020, 16:54

Атырау облысы Аққыстау кентінде полицейлер түтінге оранған үйден үш баланы алып шығып, өрттің алдын алды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жеке үйде газ қазандығы жанып жатқан кезде 15, 7 және 6 жастағы үш бала болған. Үйде ересек адамдар болмаған – олар туыстарының жерлеуіне кеткен. Патрульдік полиция инспекторлары Ғалымжан Науанов пен Бекжан Мұратқалиев өрт туралы хабар түскеннен кейін шұғыл көмекке кеткен», — деді ПД баспасөз қызметінен.

Тұрғын үйдің қазандығының газ трубасынан өрт шыққан. Үйді қою түтін басып қалған. Полицейлер үйге кіріп, ұйықтап жатқан 6 жасар қызды оятып, үш баланы да қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Таяуда полиция департаменті бізге әмбебап құтқару жиынтығын берген еді, сол керегімізге жарады. Өрт сөндіргішті алып, ашық алауға қарай бардық. Көршілер шелек алып, өздері өртті сөндіруге әрекеттенген. Бірақ, оны сөндіру мүмкін болмаған. Біз өрт сөндіргішпен сөндірдік», — деді Ғалымжан Науанов.

Үш баланың анасы әлеуметтік желіде полицейлерге алғыс айтты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия