jasqazaq.kz

Полицейлер сауда үйіне бомба қойылған деп хабарлаған теміртаулықты іздеп жатыр

07 наурыз 2020, 22:06

Теміртау қаласындағы сауда орталықтардың бірінен 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Полицияға белгісіз біреу жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы айтқан.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

7 наурыз күні сағат 13.10-да Теміртау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне «Одежда» СҮ 62 жастағы қызметкерінен оның ұялы телефонына белгісіз азамат қоңырау шалып, сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Теміртау қалалық полиция басқармасының жедел кезекшісі оқиға орнына барлық шұғыл қызметтерді жіберді. Ғимараттан 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 70 адам техникалық қызметкер. Полиция қызметкерлері ғимаратты тексеріп, жарылғыш зат табылған жоқ. Сағат 14.50 — де «Тоқтату» командасы берілді», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта полицейлер қоңырау шалған адамды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі