
Алматыда полиция қызметкерлері павлодардықтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары күдіктінің 3 рет сотталғанын атап өтті.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 1993 жылы туған А. есімді азамат жалдамалы пәтерде 8 қаруды сақтаған.
«Күдікті қамауға алынды. Ер адамнан карабин, винчестер, «Макаров» тапаншасы және әр түрлі үлгідегі 5 шолақ мылтық тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді. Оның нәтижесінде қару-жарақтың кімге тиесілі болғаны, онымен қылмыс жасалған-жасалмағаны анықталады», — дейді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Ол бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексіеің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.