Қарағанды қалалық жол полициясының қызметкерлері жол ережесін бірнеше рет бұзған әріптестеріне айыппұл салды. Өйткені Академическая көшесіндегі «Динамо» орталығына жеке көлігімен келетін тәртіп сақшылары тұрғындардың жолын жауып, қолайсыздық тудырады екен.

LADA Priora, Toyota, Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген үш полицейдің жол ережесін бұзған видеосын жергілікті тұрғын Жан Ботанов қала әкімі Ерлан Қошановтың блогіне жолдаған. Шаһар басшысы оқиғаны зерттеп, жол- полиция басқармасына тиісті шара қолдануды тапсырды. Нәтижесінде көлік иелеріне әкімшілік-құқықбұзушылықтың бірнеше бабы бойынша айыппұл салынған.