jasqazaq.kz

Полицейлер мектеп түлектерінің кештеріне қатысады

13 маусым 2019, 10:35

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мектепті бітіру кештерін өткізу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалайтын болады. Бұл туралы елорданың Полиция департаментінен мәлім етті.

12-21 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласының барлық мектептерінде түлектер кеші өтеді. «Осыған байланысты, полиция қызметкерлері іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау мен қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Әр білім беру ұйымына департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген. Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, мектепті бітіру кештерінде тікелей іс-шаралар өтетін орындардың жанында патрульдік полиция нарядтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полиция мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады», — деді департаменттен. Мәлім етілгендей, полицейлер бұған дейін оқу орындарының оқытушылар құрамымен кездесіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелесу өткізген. Сонымен қатар тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ата-ананың немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз үйінен тыс жерде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі, 2-бөлігі, 3-бөлігі «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы» (ескертуден бастап айыппұлға дейін 15 АЕК) еске салды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде