jasqazaq.kz

Полицейлер күдіктіні ұстау сәтінің видеосын бөлісті

15 ақпан 2021, 15:53

Қостанайдың құқық қорғау органдары ВАЗ-2107 көлігін айдап кеткен 22 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді бастады.

Оқиға 13 ақпан күні болды. Таңертең тұрғын көлігінің жоғалғанын көріп, полицияға арыз жазды.

Ол көлікке дабыл құралы орнатылмағанын айтты. Бір күн бұрын жанармай құйған.

«Полиция жасақтарына бірден хабар берілді. «Автоураган» автоматтандырылған кешенінің көмегімен «Әуежай» ауданы маңында көлік қозғалысы анықталды. Кейін машина із-түссіз жоғалды», — деді полицияда.

Тәртіп сақшылары машинаны жақын маңдағы ауылдардан іздей бастады. Ұқсас көлік Рязановка маңында табылды.

Жүргізуші полицейлерді көріп, жылдамдық қосып, қашып құтылмақ болды.

Полицияның екінші көлігі жүргізушіні Майкөл ауылының маңында ұстап алды. Күдікті мас болған.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, ер адам қамауға алынды.

https://youtu.be/Gvci72itthA

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде