jasqazaq.kz

Полицейлер көлікке «есірткі салып жіберіп», иесін тұтқындаған (видео)

29 желтоқсан 2017, 12:40

Қызылордада полицейлер ер адамды тұтқындап, оның көлігінен ірі көлемде есірткі заттарын тапқан. Бұл туралы ұсталған ер адамның әйелі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді.

Әйел адамның ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шара қолдануды сұраған видеосы жылдам таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әйел адам өзін Эльвира Маханова деп таныстырды. «14 желтоқсан сағат 18:30 шамасында күйеуім Барахатов Русланды полиция қызметкерлері ұстады. Көліктің артынан көп мөлшерде есірткі заты табылды», — дейді әйел.

Ары қарай ол видеодағы жағдайды түсіндіреді.

«Қазір ақ Lada Priora келеді. Осы кезде екі спецназ менің күйеуімді түсіріп жатыр. Осы кезде сол машинадан түскен адам күйеуімнің машинасының артқы есігін ашып, толықтай ішіне кіріп, бір затты салды. Есікті жауып, ары қарй кетіп қалды», — дейді Маханова. Қызылорда облысы ІІД-нің өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. «Аталған дерек 2017 жылғы 19 желтоқсанда Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 416-бабының 4-бөлігімен тіркеліп, Қызылорда облысы Ішкі Істер Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен тергеп-тексеру жұмыстары басталды», — дейді ведомство өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде