jasqazaq.kz

Полицейлер көлік ұрлаған адамды қуып жүріп ұстады (видео)

11 наурыз 2019, 21:41

Елордалық құқық қорғау органдары қызметкерлері көлік ұрлады деген күдіктілерді ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлерге елордадағы аулалардың бірінде тұрақта тұрған Hyundai автокөлігінің ұрланғаны туралы хабар түскен. Жүргізушіні анықтау және ұстау үшін «Ұстау» жоспары жарияланды. «Бейнебақылау камераларының жүйесін қарау барысында жедел басқару орталығының инспекторы Мәңгілік ел көшесінде көрсетілген автокөлікті байқады. Ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына берілді. Жүргізуші жасырынып, жол ережесін өрескел бұзып, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қозғалысты жалғастырды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Көлік ұрлады деген күдікті ұсталды, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от V_ASTANE ASTANA АСТАНА [600K] (@v_astane_official)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда