jasqazaq.kz

Полицейлер биыл 9 тонна марихуана тәркіледі

11 қазан 2021, 12:05

Елімізде 9 айы ішінде 1929 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 9 айында 1929 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 1136 есірткі өткізу фактісі және 326 нашаны ірі көлемде сақтау фактісі бар. Ұйымдасқан 7 қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың үстінен топтарды құрды және басқарды деген күдікпен 13 қылмыстық іс қозғалды. 12 тоннадан астам әр-түрлі есірткі құралдары алынды, оның ішінде 4,9 кг героин, 9 тоннадан астам марихуана, 376 кг гашиш және 107 кг синтетикалық есірткі бар», — деді басқарма бастығы онлайн брифингіде. Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері сақшылар 13 есірткі зертханасының көзін жойған. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтанда – 2, Қарағанды облысында – 4, Алматыда – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Ақтөбе облысында – 1 зертхана табылған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия