jasqazaq.kz

Полицейге шабуыл! Бұл жолы мас жүргізуші (видео)

17 сәуiр 2020, 17:55

#үйдеотыр

Алматы облысындағы блок-бекетте полицейге қарсы шабуылдаған мас жүргізуші ұсталды.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына оқшауланды. Оған Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің бірқатар баптары бойынша жаза қолданады.

“17 сәуірде түнде “Қаскелең – Шамалған” автожолындағы “Алма-8” блок-бекетінде тәртіп сақшылары көлік құралдарын тексеру кезінде “ЗАЗ ШАНС” маркалы көлік тоқтатылды. Көлік тізгіндеген 27 жастағы Шамалған ауылының тұрғыны полицейлердің тоқтатқанына риза болмай, соққылар жұмсаған. Тәртіп сақшысы дене жарақатын алған және қызметтік киімі жыртылған. Бұзақы жүргізушіні жөнге келтірген тәртіп сақшылары оған арнайы құралдарды пайдалауға мәжбүр болды, сөйтіп, қаскүнемді медициналық мекемеге жеткізген. Мединицалық сараптаның қорытындсы оның орта дәрежеде мас екенін дәлелдеген”, – деп хабарлады Алматы облысы Қарасай аудандық Полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Атап өткеніміз жөн, заң бұзушының қолынан Қарасай аудандық ПБ криминалистика бөлімінің бастығы Айдос Байғазиев зардап шекті. Подколковник бірқатар дене жарақаттарын алған.
Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес билік өкiлiне күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сонымен қатар, ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабына сәйкес төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына бағынбау және ҚР ӘҚбК 608-бабы, яғни жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы деректері үшін заң алдында жауап беретін болады.

https://youtu.be/gXeh6JWSSyA

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия