jasqazaq.kz

Полицейге пышақ сілтеген жамбылдық қамауға алынды

21 сәуiр 2020, 20:41

Иә, полицияға көнбей жатқандар көп. Жамбыл облысында мас адам тіпті тәртіп сақшысына пышақ сілтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйтеуір оқтан қорғайтын күртешесі бар екен, сол сақтап қалған. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында болған. Учаскелік инспектор ағайынды арасында туындаған кикілжіңді тоқтатуға барған екен. Бұзақы 40 минут бойы қарсылық білдірген соң, тәртіп сақшысы қосымша көмек шақыртқан. Ұсталған күдікті бұрын да істі болған екен.

Нұрбол Сағындықов, облыстық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары:

– Ұсталған 49 жастағы ер азамат өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380 бабы, 3-бөлігінің 9-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған баптың санкциясы бойынша күдіктіге қатысты 15 жылға дейінгі жаза қолдану мерзімі белгіленген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия