jasqazaq.kz

Полицейге итін айтақтаған

07 қараша 2018, 9:33

Алматы облысындағы Текелі қаласы тұрғынының үстінен полицейлерге итін айтақтатқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. «Киллер» есімді ит тәртіп сақшысының біріне айтарлықтай жарақат келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция басқармасының мәліметінше, 4 қазан күні Текелі қалалық ауруханасына ит қауып алған 17 жастағы тұрғын жүгінген. Анықтала келе, оның көршісі екеуінің арасында кикілжің пайда болып, соңында көршісі өзінің итін оған қарсы бағыттаған. Иесінің бұйрығынан кейін «Киллер» есімді жануар оған ұмтыла жөнелген. «Осы жайтты анықтау мақсатында Текелі қаласының учаскелік инспекторы және патрульдік полиция қызметі иттің иесінің үйіне барған. Бірақ, ішімдік ішіп алған үй иесі итін полиция өкілдеріне қарай айтақтаған. Салдарынан бір полиция өкіліне айтарлықтай жарақат келіп, оның жарасын медицина қызметкерлеріне тігуге тура келген. Ал үйдің иесін де оның итін де тәртіп сақшылары ұстап, қалалық полиция бөлімшесіне жеткізген», — деп мәлімдеді аталған ведомствадан. 17 жастағы жасөспірімге итті қарсы қойғаны үшін тұрғын ӘҚБК 408 және 434 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал билік өкiлiне қатысты күш қолдану яғни, ҚР ҚК 380-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. «Иесінің әрекеті үшін иттің өзі жауапқа тартылады ма белгісіз. Ол жағын сот шешеді. Ал қазір тергеу барысында ит өзінің иесіне қолхат арқылы берілді», деп толықтырды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық