jasqazaq.kz

Полицейге антикордың жалған құжатын көрсеткен ер адам әшкере болды (видео)

05 маусым 2021, 15:44

Шымкентте ер адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының куәлігін көрсетіп, полицейден құтылмақ болған. Куәлік жалған болып шықты. Оқиға қадрлары құқық қорғау органдары қызметкерінің видеожетонына түсірілген. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Шымкент полиция департаменті өкілдері Tengrinews.kz ресми сауалына 2 маусымда Жібек жолы көшесіндегі патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 18.40 шамасында жүргізушінің қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін «Лада-21144» маркалы автокөлігін тоқтатқанын хабарлады. Жүргізуші өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, ұялы телефонынан қызметтік куәліктің цифрлық нұсқасын көрсетіп, полиция қызметкерлерінен әкімшілік хаттама толтырмауды сұраған.

Жүргізушіге екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, автокөлік айып тұрағына қойылды.

«3 маусымда аталған адам хаттамалар бойынша тиісті айыппұлдарын (14 585 теңге, 7292 теңге) төлеп, автокөлігін алып кетті», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұдан басқа, Шымкент тұрғыны жалған құжат пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр. Осы баптың санкциясы 160 АЕК-ге дейін мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде