jasqazaq.kz

Полицейдің әрекеті жұртты шошытты (видео)

25 маусым 2019, 12:05

Әлеуметтік желіде әйел адамды полиция машинасына күштеп отырғызбақ болған полицейлердің видеосы пайда болды. Өз кезегінде келіншек те полицейлермен жаға жыртысқан. Болжам бойынша, аталған видео Ақтау қаласында түсірілген. Көпшілік әйелді балаларының көзінше жұлқылаған полицейлердің әрекетіне наразылық білдірді деп хабарлайды.
Видеодан полицейлердің әйел адамды балаларының көзінше жұлқылап, шашынан тартқылағанын байқауға болады.   Келіншектің балалары оқиға орнында шырылдап жылап тұр. Бұған қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
«Сағат кешкі алтыға таман 102 кезекші бөліміне 26-шы мөлтекауданнан қоңырау түсті. Телефон шалушылар үй ауласында кәмелетке толмаған үш баласы бар әйелдің мас күйінде жүргенін хабарлаған. Әйел адам балаларын қараусыз қалдырған, олардың қарны аш. Аталған орынға келген полиция қызметкерлеріне әйел адам бағынбай, полицейлерді балағаттап, оларға қарсы күш көрсете бастады.
Бүгінде әйелдің бір баласын полиция қызметкерлері балалар ауруханасына жатқызды. Ал екі бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліп, тамақтандырылды. Бұрын аталған азаматша бірнеше рет әкімшілік және қылымыстық жазаға тартылған.
Аталған іс бойынша хаттама толтырып, әкімшілік сотқа жөнелтіледі. Сондай-ақ  келіншекті аналық құқығынан айыру мәселесі де қаралып жатыр», — делінген Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.
Желі қолданушылары балалардың көзінше әйел адамға бұлай қол жұмсаудың дұрыс еместігін жазуда.
«Балалардың көзінше бұлай істеуге болмайды! Қандай болса да ол ана ғой», «Полицейлерді ақтауға болмайды. Олар бәрібір кәсібилік көрсетпеді», — деп жазуда желі қолданушылары.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Ситуация по адресу 28а-9. Вчера, 23 июня. Полное видео вы можете посмотреть несколько постов назад. ⠀ Комментарий @mangistaupd: ⠀ «Приблизительно в 18:00 поступил вызов от граждан 26мкр на пульт дежурного 102 о том, что во дворе дома сидит женьщина в сильно алкогольном опьянении с тремя несовершеннолетними детьми, которые гуляют без присмотра, находятся в запущенном состоянии, голодные и истощенные на вид. ⠀ Вызов был передан участковым инспекторам 26 мкр и инспекторам отдела по делам несовершеннолетних г.Актау, которые, приехав на вызов, попросили проехать в участковый пункт для выяснения личности, однако данная женщина, оскорбляя сотрудников полиции, проявляя сопротивление кинулась на сотрудников. Она накинулась на сотрудников полиции при исполнении с ножом. ⠀ Данная гражданка была доставлена и прошла мед.освидетельствование. 1 ребенок инспекторами ОДН был доставлен в детскую больницу, 2 детей помещены центр адаптации несовершеннолетних, где их накормили и привели в порядок. ⠀ Ранее данная гражданка неоднократно привлекалась к уголовной и административной ответственности. По данному факту составлен адм.протокол по ст.667 КоАП РК и будет передан в адм.суд для принятия решения а также будут направлены материалы в отдел опеки и попечительства о лишении родительских прав данной гражданки. #актау #мангистау #жанаозен #aktau #7292 #mangystau #mangistau #aqtau #kz

Публикация от AKTAU_911 | АКТАУ 911 (@aktau.911)

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде