jasqazaq.kz

Полицейді ұрып, көлігін ұрлап кеткен

13 қазан 2020, 12:25

Жамбыл облысында мас бұзақылар полицейді ұрып кетті. Оқиға Шу қаласында болған. Бұл туралы»Хабар 24″ телеарнасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды. 

Полицей кешке жұмыстан қайтып келе жатқан. Сол кезде Қонаев көшесінде үш жігіт жол бермеген. Полицейдің жол беріңдер деген талабын орындамай, күш көрсетіп, қызметтік көлігін алып кеткен.

Олар бірден ұсталды. Шу қаласының тұрғындары, үшеуінің де жасы 30-да.

«Қазір аталғандарға қатысты ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша, яғни билік өкіліне топ болып күш көрсету дерегіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Санкция бойынша 7-ден 12-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», — деді Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде