jasqazaq.kz

Полицейді көлігімен сүйреген жүргізуші ұсталды

15 тамыз 2019, 21:30

Алматыда полицейді көлігінің есігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Оқыс оқиға 11 тамыз күні 16:00-де Алматының Медеу ауданында болған. «Luxgen-7» маркалы автомобильдің жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Полицейдің құжатын талап еткеніне пысқырмай, ол оқиға орнына ізін суытпақ болған. «Жүргізуші патруль қызметкерінің көліктің есігіне ілініп қалғанына да пысқырмаған. Қайта газын басып, оны ары итере бастаған. Оқиға салдарынан полиция сержанты Руслан Мұқашевтың оң иығы сынып, еңбек сүйегінің оң жағы гематома болған. Абырой болғанда, қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ол ауруханаға жатқызылды. Іздестіру бөлімі күдіктінің тұлғасын бірден анықтады. Ол 1981 жылы туған азамат И. Кеше кешкісін ол ұсталды», — деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерік Насырбеков. Ер адамға бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр: ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы); ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 2-бөлігі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану); ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы).

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда