jasqazaq.kz

Полицейді қағып кеткен оқиғаның мән-жайы белгілі болды

13 мамыр 2020, 14:17

Түркістан облысындағы блокпостта тұрған екі полицейді бір студент қағып кетті. Салдарынан түрлі дене жарақатын алған екі тәртіп сақшысы ауруханаға түсті.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 10 мамыр күні Шымкент қаласына кіре берісте блокпостта орын алған.

«Ақтас» блок-бекетінде «ВАЗ-21014» автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларды қағып кеткен. Көлік тізгіндеген студент жігіт ұсталды. Ол Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», делінген хабарламада.

Ал, ауруханаға түскен екі полицейге дің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп отыр. Қазіргі таңда оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылған.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі