jasqazaq.kz

Полицей Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты

18 сәуiр 2019, 14:07

Полицейлер Алматы облысы Жаркент қаласында Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атқан. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ішкі істер органдары жүйесіндегі жосықсыз қызметкерлер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша Департаменті облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Панфилов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі басшысының, ЖПҚ басшысының (полиция майоры), сондай-ақ, осы аудандағы патрульдік полицияның екі қызметкерінің (екеуі де сержант) пара алу дерегін анықтады», — деп хабарлады Бердалин Нұр-Сұлтандағы брифингте. Оның айтуынша, олар жергілікті тұрғыннан Қылмыстық кодекстің 399-бабы бойынша қылмыстық іс бойынша тәркіленген 2491 дана ондатр терісін қайтарып беру үшін 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр. «Сонымен қатар, ұстау барысында патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Антикоррупция қызметінің жедел-тергеу тобына қарата оқ атқан. Салдарынан үш полицей қылмыс орнынан жасырынған. Осы дерек бойынша Панфилов аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі, 5-пункті бойынша соталды өндіріс тіркелді. Қазіргі уақытта олар іздеуде жүр», — деді Бердалин.

Дереккөзі: Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда