jasqazaq.kz

Полицей тұрғындарға жала жапқан

12 желтоқсан 2018, 21:43

Жамбылда жергілікті екі тұрғынға ірі көлемде есірткі тасымалдау, сатумен айналысты деп жала жапқан полицейлерге сот үкімі шықты. Алайда 7 адамға үш бап бойынша айып тағылғанымен тек біреуі ғана дәлелін тапқан. Сөйтіп, қызмет бабын асыра пайдалағандар 1 жылдан 3 жылға дейін шартты мерзімге сотталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ерғазы Тілеубеков, судья:

— Бұрын сотты болмағандарын жанұясының табыс көздері екенін ескердік. Асырауында кәмілетке толмаған балалары бары ескеріліп, сот оларға бас бостандығынан айырылмайтындай етіп жаза тағайындады.

Бұл оқиға Байзақ ауданының құмды алқабында болған. Жеті полицей 730 келі кептірілген марихуанамен екі азамтты қолға түсірдік деп жар салған. Алайда, ұсталғандар тәркіленген тауар көлемі көп мөлшерде емес, небәрі бес келі болатын деп тәртіп сақшыларының үстінен шағым түсіреді. Сөйтіп жазылған арыз бойынша полицейлерге қатысты заңсыз ұстау, іс құжаттарын құрастыру және қызмет бабын асыра пайдалану сынды баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған. Даулы іс сотта алты ай бойы қаралды. Шартты мерзімге сотталғандар қызметтерінен қуылып қана қоймай, шендерінен де айырылды. Ал 40 пен 50 жастағы екі жәбірленуші бұл істе ақталып шыққан.

 

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді