jasqazaq.kz

Полицей тәртіп бұзған жүргізушінің дөңгелегінен атты

29 қазан 2018, 9:40

Елордалық полиция қызметкерлері жол апатын жасаған көлікті дөңгелегін атып тоқтатты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты.

Оның айтуынша, Жұбанов көшесі бойында жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалаған бұзақыны елордалық полиция қызметкерлері ұстады. Ол қашып құтыламын деп жолда тағы бір көлікті қаққан. «Ізіне түскен полицияның «тоқта» деген заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастыра берген. Сондықтан полиция қызметкерлеріне оның көлігінің дөңгелегін екі рет оқ атып тесуіне тура келді. Бірақ, ол тесілген дөңгелекпен де қозғалысын жалғастыра берді. Бұған қоса, көше қиылысында оны тоқтатпақ болған полиция қызметкерін де сүйретіп кетті. Шамалы уақытқа созылған қуғыннан кейін полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы көшесінде бұзақының көлігіне тосқауыл қойып тоқтатты. Ол ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ», — деді Алмас Садубаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді