jasqazaq.kz

Полицей ПД-не жасалған шабуыл туралы айтып берді (Видео)

19 қантар 2022, 15:18

Алматылық полиция қызметкері ПД-не жасалған шабуыл туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда әріптестерімен бірге департамент ғимараттарының қорғанысын қалай сақтап қалғаны туралы айтып берді.

– 5-і күні кешке арнайы жоспар жарияланғаннан кейін біз Алматы Полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарын күзетуге арналған посттарымызға тұра бастадық. Біздің міндетіміз – лаңкестердің ПД ғимаратына енуіне және олардың қару-жарақты иеленуіне жол бермеу болды, өйткені азаматтардың және жалпы елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрды, – деді капитан Зайнолда. Полиция қызметкерінің мәліметінше, шабуыл жасағандар – әуесқойлар емес. Мәселе жақсы дайындалған шабуылдаушылар жайында.

– Лаңкестер жақсы дайындалған. Ғимарат 4-5 жақтан шабуылға ұшырады. Оған қоса, департаменттің жанынан көлікпен жүріп, біздің назарымызды басқа жаққа аударды. Содан кейін қылмыскерлер бұл көліктерден оқ жаудырды. Менің орным түні бойы қарулы шабуылға тойтарыс берген үшінші постта болды. Әр полиция қызметкерін жауынгерлік позицияларға бөлдік, — деді Ақтан Зайнолда. Абырой болғанда, қылмыскерлермен болған бұл шайқаста полицейлердің ешқайсысы қаза тапқан жоқ. Капитан бұл уақытта жеке қауіпсіздігі туралы ойламағанын атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігі таразыда болды.

– Біз бір-бірімізді қолдадық. Қарулы лаңкестерге абыроймен тойтарыс беру және олардың қаруды иеленуіне жол бермеу маңызды болды. Біз бейбіт тұрғындар мен қаланы қорғауды бірінші орынға қойдық, – деді құқық қорғау органының қызметкері.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр