jasqazaq.kz

Полицей өзі қазған орға өзі түсті (видео)

20 ақпан 2018, 11:59


Қызылорда қаласының тұрғыны Руслан Барахатовқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылып, тергеу қорытындысы бойынша азаматтың заңсыз әрекет жасамағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын жас жігіттің келіншегі Элвира Маханова әлеуметтік желілерді дүр сілкіндіріп, тәртіп сақшыларының әрекетін әшкерелейтін видео жүктеген болатын.

https://youtu.be/b297hYEdwWw

Бейнематериалда құқық қорғаушы тоқтап тұрған көліктің артқы есігін ашып, әлденені салғанын байқауға болады. Осыдан соң, Руслан Барахатовтың көлігінен есірткі заты табылған. «Тәртіп сақшылары мектептің камерасына түсіп қалған. Полицейлердің өздері камераның жұмыс жасап тұрғанын білмеген. Білгеннен кейін бейнежазбаны қолды қылуға әрекет жасапты. Бірақ, көздеген мақсаттарына жеткен жоқ. Әлеуметтік желіге салып, көпшіліктің назарына ұсындық. Қоғамдық пікір туғаннан кейін, күйеуім ақталды. Бүгінде қылмыстық іс қысқартылды. Айыппұл алаңына қойылған көлігімізді шығарып алдық. Іске байланысты шығарылған қаулы қолымызда бар», — дейді Элвира Маханова.

Аталмыш іске байланысты Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті ақпараттың толық жарияланбайтынын мәлім етті. «Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігінің талабына сәкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеуге тиіс.

Егер тергеп-тексеру мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға байланысты болмаса тек прокурордың рұқсатымен ғана белгілі бір көлемде ғана ақпарат жолдауға болатынын хабарлаймыз», — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Жас келіншектің айтуынша, заңсыз әрекетке барған тәртіп сақшыларын арнайы прокуратура мамандары тергеп жатыр екен. Алайда, бұл тұрғыда нақты мәлімет алу.

https://youtu.be/dIbLoAi9dIQ

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды