jasqazaq.kz

Полицей отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан қаза болды

19 қантар 2020, 14:46

Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды.Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан. «Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ алып шығуға кеткен уақытта, үйдің есігін жауып тастаған. Күдіктіні ұстау барысында полицей пышақ жарақатын алған. Алайда ол отбасы қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жасады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі Дархан Базарбаевтың көз жұмғанын айтты», — деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалған. Қазір күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде