jasqazaq.kz

Полицей көлік ұрысын соғып тоқтатты (видео)

26 наурыз 2019, 10:40

Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған жүргізуші полицейлерден қашпақ болып, апатты жағдай тудырды. Оқиға салдарынан үш тәртіп сақшысы мен жол ережесін бұзған азамат зардап шекті. Олар түрлі жарақат алған. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Казахстан.

Оқиға 24 наурыз күні, сағат 22:00 шамасында орын алған. Полиция қызметкерлерінің назарына жол ережесін өрескел бұзған Infinity FX35 түскен.

Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші өзіне жасалған ескертулерді елемей қойыпты. Оған қоса, ол жылдамдықты арттырып, қашып құтылмақ болған.
Қорғалжың тас жолының Аягөз көшесімен қиылысында полицейлер көлікті тоқтатуға бекінеді. Олар заң бұзушының жолын өз көлігімен бөгеп, оның қозғалысына кедергі келтірген.

Нәтижесінде, жүргізуші үлкен жылдамдықпен келе жатып, тәртіп сақшыларының көлігіне соғылған.

Темір тұлпар ішінде болған полиция қызметкерлері жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.
Infinity жүргізушісінің кеуде қуысын жарақаттап алғаны белгілі болды. Ауруханадағы дәрігерлер тексерісінен соң, азамат Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Анықталғандай, жөндеу жұмыстарына берілген көлікті жөндеу орталығының қызметкері ұрлап кеткен. Оған қоса, ол мас күйде болыпты.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда