jasqazaq.kz

Полицей формасында тойға кіріп келіп, жұртты састырды (видео)

16 қазан 2020, 12:43

Қарағанды облысында асаба полицей формасында тойға кіріп келіп, жұртты састырды.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға қарағанда, адам толы киіз үйге полицей формасындағы ер адам кіріп, жүргізушіден микрофонын сұрап алады.

«Қайырлы кеш, құрметті қонақтар. Мен де қазақпын, бірақ бұл заң бұзушылық. Елде не болып жатқанын білесіздер. Ұйымдастырушылар қайда? Келіңіздерші, қанша адам отыратынын көріңіз. Бір үстелде 12 адам бар, бәрі бір-біріне жақын отыр, мұнда 20 адам. Неге көңілсіз отырсыздар? Неге қол шапалақтамаймыз?» — деді полиция формасындағы ер адам.
Әрі қарай, ер адам полицей емес, шоумен және жүргізуші екені белгілі болады.
«Шошып кеттіңіздер ме? Жандарым, той құтты болсын ағайын!» — деп жалғастырды шоумен полиция қызметкерінің формасын шешіп.
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл шараның Қарағанды облысында өткенін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, бейнематериал жергілікті полиция департаментіне жіберілген.
«Қазіргі уақытта отбасылық іс-шара өткізген адам анықталды. Киіз үй иелері мен оны жалдаған адамнан түсініктеме алынды. Анықтау нәтижелері бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылданады», — деді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі полицей формасын киген ер адамның асаба екенін растады. Құқық қорғау органдары оны полиция қызметкерлерінің беделін түсірді деп санайды.
Полиция ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабы «Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери, арнайы киімді заңсыз кию (пайдалану)» бойынша асабаны жауапқа тарту туралы мәселені қарастырады.

https://www.instagram.com/tv/CGY3P5KhJTf/?utm_source=ig_web_copy_link

 Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық