
Видео Руслан Жанпейісовтің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Анықталғандай, видеодағы ер адам Шардара аудандық полиция департаментінің ішкі істер бөлімінің взвод командирі боп шықты. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Ол желіде тараған видеода ер адамға сес көрсетіп, кемсітіп, бетінен ұрып, оған түкіреді.
Аталған фактіні Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Полицейдің әрекеті «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізімдемесіне тіркелді.
Ведомство мәліметінше, полицей қызметтік тексерістен кейін қызметінен босатылды.
«Қызметкердің заңға қайшы әрекеті қызғаныш үшін болғаны анықталды», – дейді полиция департаментіндегілер.