jasqazaq.kz

Полицей дүкен тонады (видео)

12 наурыз 2021, 14:17

Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды.

5 наурызда Instagram-да медициналық маска тағып алған ер адам қолына қару алып, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп жатқан видеосы тарады. Сатушы күдіктінің қоқан-лоқысынан қорықпай, құтылып шыққан.

Артынша полицейлер күдікті ұсталғанын, сол күні ол тағы бір дүкенді тонағанын айтты. Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен. Артынша ол ұсталған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Павлодар (@pavlodar.times)

ҚР ІІМ Көліктегі Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті полицей болып шыққан.

«Жасаған қылмысы үшін Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Ол ішкі істер органдарында бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр», — деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған адам дүкен сатушысына қандай тапаншамен қоқан-лоқы көрсеткені әлі белгісіз. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс бойынша сараптама әлі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, қарақшыны тойтарыс берген сатушы қыз журналистермен әңгімеде күдікті жауынгерлік тапанша ұстап тұрғанын айтты. Бұл туралы полицияға куәлік алған кезде хабарлады.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия