jasqazaq.kz

Полицей болып киініп, жұртты алдаған

24 қараша 2017, 11:44

Алматы облысында жас жігіт полицей болып киініп, жұртты алдаған, деп хабарлайды Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Алаяқтық туралы шағымды полицияға жас әйел түсірген екен.
Оның айтуынша, полиция қызметкері болып танысқан ер адаммен осы айдың басында әлеуметтік желі арқылы араласа бастапты.

Полицейсымақ анам ауыр дертке шалдыққан, емделуіне көп қаражат кетеді деп алдаған.
«Сенімге кіріп алған ер адам алдап-сулап, 1 миллион 86 мың теңге иемденіп кеткен. Кейін, арыз берушінің айтуынша, қоңырауға жауап бермей қойыпты», — деп хабарлады полиция.
«Әуелі күдіктінің кім екенін анықтадық. Әлеуметтік желідегі парақшасына жалған деректер жазыпты. Бұл адамның ішкі істер органдарына, басқа да құқық қорғау құрылымдарына қатысы жоқ. Күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау еш қиындық туғызбады.

Қазіргі уақытта ұсталған 23 жастағы азамат алаяқтық бабы бойынша қызмыстық жауапкершілікке тартылған.

Ер адам кінәсін бірден мойындап, ақшаны өз қаражатын жұмсағанын айтқан.

sputniknews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды