jasqazaq.kz

Полицей Астана тұрғынына шабуыл жасады

13 қазан 2018, 23:04

Әлеуметтік желіде құқық қорғау органы қызметкеріне ескерту жасаған азаматқа полицейдің шабуылдаған видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

сақшысының өзін видеоға түсіріп жатқан азаматпен ерегісіп жатқанын байқауға болады.

za_rulem_astana парақшасында жарияланған видеоға оқиға кейіпкері жазба қалдырып, полицейдің өзіне күш көрсеткенін мәлім еткен.

«Маған полиция мойоры шабуыл жасады. Оқиға былай болды. Мен одан автобус аялдамасына қойып қойған көлігін (суретте көрсетілген) шетке алуын сұрадым. Бірақ ол менің айтқанымды елемей кетіп қалды. Біраз уақыт өткен соң қайтып келді. Мен оны видеоға түсіре бастаған едім, бірден тап берді. Телефонымды алып қоймақ болды. Сондай-ақ мені итеріп, қолымды қайырып, оны түсіргенім үшін айыппұл төлететінін айтып қорқытты. Бізді жолаушы жігіт ажыратып, майорды тыныштандырды. Осыдан кейін полицей көлігіне отырып, кетіп қалды. Мен бірден 102-ге қоңырау шалып, болған істі баяндадым, кейінірек арыз жаздым. Енді қандай шешім шығаратынын көреміз», — деп жазған жәбірленуші.

ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев аталмыш іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оқиғаның мән-жайы толық анықталатынын жеткізді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде