jasqazaq.kz

Полицей әріптесіне пышақпен шабуыл жасады

10 маусым 2019, 17:40

Оралда полиция қызметкері әріптесіне пышақпен шабуыл жасады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 маусым күні Н.Назарбаев даңғылы мен А.Құсайынов көшелерінің қиылысында болды. Сағат 16.00-де департаменттің кезекшілік бөліміне «WhatsAapp» әлеуметтік желісінде бейнежазбаның таралғаны жөнінде хабар түскен. Онда тоқтап тұрған «Хундай Туксон» автокөлігінде азаматтық киім киген белгісіз біреулердің автокөлік рулінде отырған полиция қызметкеріне күш көрсетіп жатқаны жазылған. Кісілер жиналып қалғандықтан ба, алдыңғы орында отырып, пышақпен күш көрсеткен адамның да машинадан шығып, қашып кеткені анық көрінеді. Бейнежазбаны тексере келгенде, төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Олардың бір-біріне өшігуі салдарынан аяқ астынан жанжал туындаған. Аталмыш дерек тіркеліп, сол бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша толық мәліметтің прокуратураның келісімімен кейін берілетінін жеткізді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде