jasqazaq.kz

Полицей әкелік құқығынан айырылды

23 қараша 2018, 12:30

Ақтөбеде бұрынғы полиция қызметкері топтық зорлау ісі бойынша 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бірінші әйелі оны әкелік құқығынан айыру туралы сотқа арыз тастаған.
Sn.kz жазғандай, Ақтөбе қаласының Сазды полиция бөлімінің бұрынғы капитаны әйелімен ажырасқаннан кейін қызметін тастап, Ақтөбедегі ойын-сауық орталығының күзетші бөлімін басқарған. Алайда аяғынан жарақат алған ол жұмыстан шығып кетеді.
2017 жылы бұрынғы полицей достарымен бірге интернет арқылы өздеріне секс қызметін көрсететін үш әйелді шақырады. Оларды ұрып-соғып, одан қалса, біреуін жабылып зорлаған. Артынша, әйелдерден 40 мың теңге және бес қалта телефондарын тартып алады. Бұл қылмысы үшін бұрынғы полиция қызметкері 5 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Полицияның бұрынғы әйелі қызы үшін айына бар болғаны 4000 теңге алимент алып отырғанын айтып, оны әкелік құқығынан айыруды сұраған. Ол қызын 9 жылдан бері жалғыз асырап келіпті. Ал әкесі қызын 8 жыл бұрын ғана көрген, одан кейін еш қамқорлық көрсетпепті.
Әйелдің арызы бойынша 21 қарашада судья Нұрлыбек Ормаханов бұрынғы полицейді әйелінің арызы бойынша әкелік құқығынан айырды. Егер әкесі баласына қайтадан көмектесетін болса, онда әкелік құқығын қайта орнатуына болатынын атап өтті.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді