jasqazaq.kz

Полицей айыппұл арқалады

15 қараша 2018, 14:25

Алматыда үш полицейге ақша бопсалағаны үшін әрқайсына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ал Қарағанды облысындағы тергеуші пара алғаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Алматыда Медеу аудандық ІІБ үш қызметкердің әрқайсына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Олар алаяқтық жолмен арыз берушілердің ұрлық дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін 2000 доллар көлемінде ақша бопсалаған», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин. «Қарағанды облысында аға тергеуші 3,5 жылға сотталды. Ол ұрлық дерегі бойынша күдіктіге істі қысқартамын деп 1000 доллар қаражат алған», — деді ол. Бердалиннің айтуынша, екі қылмыс та агенттіктің call-орталығына — 1424 түскен арыз-шағымдар бойынша анықталған. «Сараптама бойынша, call-орталыққа түсетін хабарламалар нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық, бопсалау дерегі, пара және заңсыз сыйақы беру қылмыстары тіркеледі. Олардың арасында мынадай мамандар жауапқа тартылған: ішкі істер органы — 79, әкімдік қызметкерлері — 16, білім беру саласы — 20, денсаулық сақтау — 15», — деді Бердалин.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді