
Атырау облысында полицей адам қағып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бұл туралы ATPress.kz сайтына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды. Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы 13 қазанда Исатай ауданындағы Зинеден ауылындағы автожолда болған.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыс уақытынан тыс уақытта Audi А6 маркалы көлігін басқарып, адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол апаты салдарынан 25 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», — деді полицейлер. Қазіргі уақытта жүргізушіні қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралып жатыр.