jasqazaq.kz

Полицей 8 млн теңге айыппұл төлейді (видео)

03 ақпан 2020, 12:37

Шымкент қаласындағы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел әзірлемелер және арнайы іс-шаралар тобының жедел уәкілі Ф. Шәріпбайұлына қатысты тергеу жүргізді. «Жедел уәкіл Шымкент қаласы жол полициясы сержантынан медициналық куәландырудың оң қорытындысын алуға көмек көрсеткені үшін және қызметтен босатпағаны үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп айыптады. Сонымен қатар, Ф. Шәріпбайұлы ұсталған кезде, оның автокөлігін тінту барысында 9 мм калибрлі «STREAMER-1014» газ тапаншасы табылды» делінген хабарламада. 30 қаңтарда Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Ф. Шәріпбайұлы алаяқтық және қару-жарақтың заңсыз айналымы үшін кінәлі деп танылып, оған 8 млн теңге айыппұл салынды. Ол «капитан» арнайы атағынан айырылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия