jasqazaq.kz

Полицей 7 жасар қызды құтқарып қалды (видео)

15 сәуiр 2021, 16:23

13 сәуірден 14-не қараған түні қалалық полиция бөлімінің 102 операторына түнгі уақытта белгісіз азаматша қызының үйде кілттеніп, қалып қойғаны туралы қоңырау шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, үй иесі азық-түлік алуға шығып кетіп, кері кіре алмай қалған. Үйінде қалып қойған жеті жастағы қызымен байланыса алмаған. Дәл сол уақытта азаматша көгілдір отынға тамақ пісіріп, оны қосулы қалдырған. – Ешқандай амалым болмаған соң алдымен Төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарластым, бірақ олар маған түнгі уақытта балкон арқылы кіре алмайтынын, ол үшін қосымша құралдарының жоқ екендіктерін жеткізді. Ал менің үйімнің есігін бұзу мүмкін емес еді. Сол сәтте полиция қызметкері келіп ойланбастан, ешқандай қорғау құралдарынсыз төртінші қабаттан үшінші қабатқа түсіп, дереу әрекетке көшті. Полиция қызметкері болмаса не боларын білмеймін. Қырағы әрі жедел қызметі үшін Атырау қалалық Полиция бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлібек Қайырғалиевке отбасымның атынан алғыс білдіремін, – деді құтқарылған жасөспірімнің анасы.

https://youtu.be/7YEI9fbZSRw

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді