jasqazaq.kz

Покер ойнайтын зал ашқан Шымкент тұрғыны сотталды

23 қараша 2020, 10:35

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Ол сонымен қатар 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласы Қонаев даңғылына пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз покер ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады. Яғни, ол Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» заңының талаптарын өрескел бұзып, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арнаулы рұқсат алмаған. Сөйтіп жоғарыда аталған мекенжайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқан. Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты мемлекет пайдасына тәркіленді, покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық