
Бүгін таңертең Пәкістанда Карачиден Равалпиндиге бара жатқан жүрдек пойызда тұтанған өрттен мерт болғандар саны 73-ке жетті. Бұл туралы Geo News сайты мәлім етті.
Бұған дейін апат құрбандары алпыстан асқанын хабарлаған едік. Өрт жолаушылар өздеріне таңғы ас әзірлеп жатқан кезде газ баллонының жарылуынан шыққан. Жалын эконом-санаттағы екі вагонды және бизнес-санаттағы бір вагонды шарпыған. Елдің теміржол көлігі министрі Шейх Рашид Ахмедтің мәлімдеуінше, қазір өрт сөндірілген. Оның айтуынша, құрбандардың көбі — тілсіз жаудан құтылу үшін пойыздан секіріп қаза тапқандар.