
Тальгоның жолсеріктері вагонда толғатқан әйелді босандырып алды. Бұл оқиға Шу мен Тараз қалаларының арасында жолда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан темір жолы» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша , жас келіншек перзентін кеше таңертең дүниеге әкелген. «Біздің әріптестеріміз толғатып жатқан әйелді аман-есен босандырып алды, өмірге қыз бала келді. Сәбиге поезд басшысы Меруерт Қорабаеваның құрметіне орай Меруерт деген есім берілді. Өз кезігінде жолаушы компанияға хабарласып өзінің алғысын білдірді.