jasqazaq.kz

«Подгузник сақтаған бала» немесе ақ халаттылар ескертумен құтылды

02 ақпан 2023, 12:19

Орал қаласында жас келіншектің дәлізде босануына себепші болған ақ халатты абзал жандар жай ғана ескертумен құтылды. Бұл — Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының шешімі.

21 қаңтарда өз ісіне бей-жай қараған акушерканың кесірінен Әдем Қайырғалиева босану бөлмесіне жете алмай дәлізде босанған-тұғын. «Балам шығайын деп қалды, палатада босана берейін» деп жалынса да, подгузник кигізіп, босану бөлмесіне алып жөнелген. Әдем ол жаққа жетпей босанды. «Подгузник болмағанда, бала домалап еденге түсер ме еді!» деген келіншек, жарық дүниеге келе сала нәрестесіне суық тигенін айтып қынжылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, сол күнгі ауысымда жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне мынадай жаза қолданылыпты:
Акушеркаға — қатаң ескерту
Аға акушеркаға – ескерту
Екі бөлім меңгерушісіне – ескерту
Босандыру бойынша орынбасарға – ескерту
Аурухананың бас медбикесіне – ескерту

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят бұған не дейді екен?

JQ-Aqparat

27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде