
19 қыркүйектегі COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдеріне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша, өткен тәулікте 235 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 36 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: елімізде науқастар саны — 30 814, өлім жағдайлары — 338, барлығы 26 569 адам сауығып шықты.