
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 14 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 24 қарашадағы жағдай бойынша, коронавирус инфекция белгілері бар пневмонияның 92 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 175 адам емделіп шықты. 13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар — 82360, 5130 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 73443 жетті.