
Қазақстанда коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 14 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
13 желтоқсандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 68 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 103 адам емделіп шықты.
13 наурыздан 2020 ж. барлығы: ауырғандар — 83505, 5191 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 75593 жетті.
Ал кешегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 15 адам көз жұмды.
