jasqazaq.kz

Питер Фостер Мемлекет басшысына Air Astana әуе компаниясының жоспары мен тарифтерді төмендету туралы хабарлады

25 ақпан 2020, 11:16

Қазақстанның президенті «ашық аспан» бағдарламасы арқылы елімізге көбірек әуе компанияларды тарту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ел ішіндегі әуетасымалдарға қолжетімді тарифтер арқылы Қазақстан азаматтарының мобильдігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Фостер мырза Air Astana толығымен «ашық аспан» бағдарламасын және қазіргі таңда қазақстандық тасымалдаушылар орындамайтын бағыттарда әуе кеңістігінің 5-ші деңгейін шетел әуе компанияларына беруді қолдайтынын айтты.

Әуетасымалдарға тарифтер жайында Фостер мырза FlyArystan ішкі бағыттарда әлемдегі ең арзан тарифтердің бірін ұсынатыны, соның нәтижесінде Қазақстан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылғаны туралы хабарлады. Дегенмен Питер Фостер әуебилеттеріне шарықтаулы сұраныс кезеңде тұра ұшар алдында сатып алынатын эконом-кластағы тарифтер біршама жоғары болуы мүмкін деп мойындады және Нұр-Сұлтан мен Алматы, Алматы мен Атырау, Нұр-Сұлтан мен Атырау арасындағы бағыттарда бұл тарифтерді 10%-ға тез арада төмендетуге міндеттеме берді.

Президент Тоқаев дүниежүзілік қаржы орталықтарына рейстерді ашу туралы, атап айтқанда Қазақстан мен Сингапур арасындағы рейстерді ашу туралы сөз қозғады. Фостер мырза Сингапур қазақстандықтарға біршама қымбат бағыт болғанымен Сингапур азаматтырының Қазақстанға сапар шегу әлеуеті, әсіресе Өзбекстанға қоса барғанда зор деді. Фостер мырза Сингапурдан көшпелі туризмді дамыту үшін және биыл тікелей рейстер ашу үшін Мәдениет және спорт министрлігімен жұмыс істеуге міндеттенді. Air Astana басшысы компанияның әуе паркінің жаңарту бойынша шаралар туралы баяндады. Қазіргі таңда Boeing-757 ұшақтары ұзақ жолға арналған Airbus А321LR әуе кемесіне алмастырылып жатыр, ал 2023 жылға дейін Boeing-767 ұшақтары Boeing-787 ұшақтарымен алмастырылады. Фостер мырза Boeing-757 ұшақтары әуе компаниясы флотынан шығарылғаннан кейін Air Astana әлемдегі ең жаңа ұшақтар әуепаркінің бірі болып, 2022 жылдың соңында жалпы ұшақ саны 54 бірлікке дейін жетпек деді. Кездесу соңында президент Тоқаев еліміздің көлік инфрақұрылымның дамуында Air Astana-ның маңызды үлесін атап өтті. Фостер мырза Мемлекет басшысын ұлттық тасымалдаушы авиация саласындағы барлық ұлттық басымдықтардың толымды жүзеге асыруға қамтамасыз ететіне сендірді.

Құрметпен,

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия